+7 7172 620 620

Направить запрос

Авторизация

Медиа-центр

Қазақстан мен Ресей минералды тыңайтқыштар шығару жобасын жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды

Қазақстан мен Ресей минералды тыңайтқыштар шығару жобасын жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды

Қазақстан мен Ресей Жамбыл облысында минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу және оны пайдалану бойынша «ЕуроХим» минералдық-химиялық компаниясы» жобасын іске асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

Жоба Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі Қаратау фосфор бассейнінің кен орындарын игеруді және минералдық тыңайтқыштар шығаратын жаңа зауыт салуды көздейді. Жобаның жалпы құны 1,2 миллиард АҚШ долларын құрайды.

«Химиялық кәсіпорынның жұмысы Жамбыл облысында кемінде 1200 жаңа жұмыс орнын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласының дамуына айтарлықтай түрткі болады, азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылатуға, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді, Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық бизнес-байланыстарды елеулі түрде нығайтады», - деп түсіндірді Ермек Көшербаев. 


Салынғалы жатқан химиялық кәсіпорында дәстүрлі фосфор өндірістерінің негізгі кемшіліктерінің бірі -  фосфорлы гипс түріндегі қалдықтар болмайды, бұл табиғи ресурстарды пайдалаудың тиімділігін жақсартып, өңір экологиясын сақтайды. Бұдан басқа, жоба оның барлық қатысушыларына ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық әсер әкелмек.

«Қол қойылған үкіметаралық келісім стратегиялық инвестициялық жобаны іске асыруда жаңа кезеңді бастайды – жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтіп, химия саласындағы ең үздік қолжетімді технологияларды пайдаланумен жылына кемінде 1 миллион тонна минералды тыңайтқыш пен индустриялық өнімдер өндіретін жаңа зауыттың құрылысын бастауға көшуге мүмкіндік береді. Зауыттың құрылысын 2025 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр», - деп атап өтті Денис Мантуров.


Бұл жоба Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген және 2019 жылғы сәуірде Сарысу ауданында зауыттың мұқтаждықтары үшін қуаттылығы 110 мың шаршы м/сағ. газ құбырының құрылысы басталған. Инвестициялық жобаны «ЕуроХим» минералдық-химиялық компаниясы» ААҚ-тың Қазақстандағы еншілес компаниясы «Еурохим – Қаратау» ЖШС іске асыратын болады. 

Бүгінгі күні «ЕвроХим» фосфорит кен орнын барлау және игеру, жыл сайынғы қуаты 640 мың тонна фосфорит ұнын өндіру бойынша тау-кен кешенін пайдалануға беру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асыруды табысты аяқтады.

«Біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Қол қойылған келісім біздің интеграцияны тереңдету бойынша тағы бір дәйекті қадам. Пандемияға қарамастан, Қазақстандағы жобамыздың іске асырылуы жалғасуда. Біз қазақстандық әріптестеріміз көрсететін қолдау мен ашықтықты өте бағалаймыз, сондай-ақ Ресей тарапынан бір мағыналы қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз», - деп атап өтті «ЕвроХим» компаниясының бас директоры Игорь Нечаев.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мамандары атап өткендей, өндіріске жоспарланған өнімді қазақстандық фермерлер тыңайтқыш ретінде, сондай-ақ құс және мал шаруашылығындағы жем қоспаларында белсенді түрде пайдаланады.

«Жоғары сапалы минералды тыңайтқыштар қазақстандық шаруалар арасында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде қазақстандықтар пайдаланатын өнімді – 100% импорттық. Импортты алмастыру фермерлерге тыңайтқыштар мен жем қоспаларын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы мен сапасына оң әсер етеді», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жоба жетекшісі Диляра Тектігұлова.

Инвесторлардың айтуынша, ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, Ресей Федерациясына, сондай-ақ Қытайға, Орталық және оңтүстік-шығыс Азия, Таяу Шығыс елдеріне қосылған құны жоғары өнім экспортын ұйымдастыру жоспарлануда.

Анықтама: «Еврохим» минералды тыңайтқыштардың жетекші әлемдік өндірушілерінің бірі болып табылады. Компания фермерлерді ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру үшін қажетті жаңа инновациялық тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді және тұрақты даму принциптерін басшылыққа алады. Компанияның өндірістік активтері төрт құрлықта орналасқан, ал сату және дистрибуция желісі бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді. Қызметкерлердің саны20 мыңнан асады.

«ЕвроХим» компаниясы Қазақстанда «Сары-тас» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сатып алған сәттен бастап 2008 жылдан бастап қатысып келеді. 2009 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында «ЕвроХим-Удобрения»ЖШС жұмыс істей бастады, ал 2013 жылы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС пайда болды. 

Установите приложение:
1) Откройте сайт в Safari
2) Нажмите сохранить
3) Добавить на экран домой