Медиа орталық

Жамбыл облысында металл шлакты өңдеу зауытының құрылысы басталды

Жамбыл облысында металл шлакты өңдеу зауытының құрылысы басталды

Жамбыл облысында өнеркәсіптік аймақ аумағында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен қуаты жылына 200 мың тонна қорғасын және мырыш шлактарын қайта өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Құны $20 млн металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысының жобасы шетелдік инвестор — "Үрімші Джонха Мульти-металл" компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады. Құрылыс 2021 жылдың басында аяқталады деп жоспарлануда. Жобаны іске асыру 200-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

"Өздеріңізге белгілі, металлургиялық өндірістерден қалдықтар пайда болады, оларды кәдеге жарату қоршаған ортаны қорғаудың өзекті тақырыптарының бірі болып табылады», - деді "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ жобаларының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Бауыржан Айтқұлов.

Жобаның негізгі міндеті металлургиялық өндірістің қалдықтарын қайталама ресурстар ретінде қайта өңдеуге тартуға мүмкіндік беретін тиімділігі жоғары өндіріс құру. Бұл, өз кезегінде, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және қалдықтар алып отырған алаңдарды азайтуға мүмкіндік береді. Жобада пайдаланылатын технологиялар тиімділіктің, экологиялық және технологиялық қауіпсіздіктің ең озық стандарттарына жауап беретін болады.

"Біз Қазақстанның инвестициялау үшін қолайлы ел екеніне көз жеткіздік. Жобаларға инвестиция салған кезде, біздің қаражатымыздың қорғалғанына және олар өз жемісін әкелетініне сенімдіміз. Әсіресе біз KAZAKH INVEST-тің жан-жақты қолдауын бағалаймыз. Қазақстанда  инвесторларына 24/7 қол жетімді және ашық компания бар екені өте қуаныштымыз", — деп атап өтті "Үрімші Джонха Мульти-металл" компаниясының директоры Лу Юон Пин.

Қайта өңделген қалдықтардан жыл сайын зауытта шамамен 35 мың тонна мырыш тотығын, 7,5 мың тонна қорғасын тотығын және 14,5 мың тонна мыс концентратын өндіруді жоспарлап отыр. Кейіннен металл қорғасын мен мырышқа қайта өңдеу үшін шикізат болып табылатын алынған өнімді қазақстандық металлургия зауыттарына жеткізу жоспарланып отыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге