Медиа орталық

Жамбыл облысында бірегей жылыжай орталығы кеңейтуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бірегей жылыжай орталығы кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстанда теңдесі жоқ жылыжай кешені "KAZAKH INVES "ҰК" АҚ қолдауымен шетелдік инвесторлары жүзеге асырған. Бірегей инвестициялық жоба аквапоника жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Құны 3 миллион долларға жуық жоба жыллына 300 тоннадан астам жоғары өнімді "Айсберг", "Руккккола", "Жапырақ", "Роблен" салат сорттарының және жылына 41 тонна балық шығаруда.

Шетелдік мамандардың айтуынша, аквапоника аквакультураны - балық өсіру мен гидропониканы - өсімдік өсіруді үйлестіретін ауыл шаруашылығын жүргізудің жоғары технологиялық тәсілі болып табылады.

"Бұл жылыжайда балық пен өсімдіктердің қатар өмір сүруіне органикалық жағдай жасалған, бұл ретте балықтардың тіршілік әрекетінің қалдықтары өсімдіктерді өсіру үшін қоректік орта болады. Өсімдіктер, өз кезегінде, су тазалайтын табиғи сүзгі болып табылады", - деп атап өтті "KAZAKH INVES "ҰК" АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша аймақтық директоры Арнольд Геринг.

Алдын ала мәліметтер бойынша, компания 2020 жылы өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл көкөністердің, жидектердің және түрлі салаттардың 68 түрін, сондай-ақ кәсіптік балықтардың бірнеше түрін өсіруге мүмкіндік береді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге