Медиа орталық

KAZAKH INVEST инвестордың мүліктік құқығын қалпына келтіруге жәрдем берді

KAZAKH INVEST инвестордың мүліктік құқығын қалпына келтіруге жәрдем берді

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жалпы сомасы 24,8 млн теңге болатын шетелдік инвестордың шикізатқа деген мүліктік құқықтарының бұзылуына жол бермеуге көмектесті. Бұл шикізатты Жамбыл облысындағы «Джон Бан МеталлПром» ЖШС инвесторлары салып жатқан жаңа металлургиялық зауытта өңдеу жоспарланған болатын.

Заманауи металлургиялық өндірістік кәсіпорынның құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға 2018 жылы қол қойылды. Осы жобаны іске асыру орны ретінде Тараз металлургия зауытының жұмыс істеп тұрған алаңы айқындалды.

«2020 жылдың қараша айында KAZAKH INVEST-ке металлургиялық зауыт құрылысын жоспарлап отырған инвестор оған меншік құқығында тиесілі шикізатты жердің жаңа меншік иесі заңсыз бермегені туралы шағыммен жүгінді. Инвестор барлық құқық белгілейтін құжаттарды ұсынғанына қарамастан, жаңа жер иелері шикізатты инвесторға қайтарудан бас тартты. Сондай-ақ, шикізат электрондық сауда-саттыққа заңсыз шығарылды, бұл инвестициялық жобаны іске асыруға нұқсан келтіретін еді», - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директоры Арнольд Геринг.

KAZAKH INVEST тарапынан көрсетілген ақпараттық-консультациялық қолдау нәтижесінде сот істің барлық мән-жайларын қарау қорытындысы бойынша инвестордың пайдасына шешім шығарды. Сауда-саттық тоқтатылды.

Жаңа металлургия зауытының құрылысына салынған инвестициялардың жалпы сомасы 7 млрд теңгеден асады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 200-ден астам жұмыс орны ашылады. Кәсіпорында жыл сайын 20-35 мың тонна мырыш тотығы мен 4,5 - 7,5 мың тонна қорғасын тотығын шығару жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда технологиялық жабдық Қазақстанға әкелінді, монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге