Медиа орталық

Француз концерні Жамбыл облысымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі

Француз концерні Жамбыл облысымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі

Saint-Gobain халықаралық компаниялар тобының Тараз қаласына сапары аясында француз компаниясы басшылығы құрылыс секторының тауарларын сатумен ауналысатын 60-тан астам дилерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өткізді.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов, Орта Азия бойынша Saint-Gobain бас директоры Филипп Валери, Францияның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Фабрик Невю, «Жамбыл Гипс» АҚ президенті Андрей Пронченко, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша өңірлік директоры Арнольд Геринг қатысты.

new_photo1669203969.jpeg

Кездесуде «Жамбыл Гипс» АҚ кәсіпорнының жұмысы, өндірісті кеңейтудің ықтимал кезеңдері мен өндірілетін өнім экспорты шеңберінде қосымша байланыс орнатуға қатысты мәселелер талқыланды. Бұдан басқа, Тараз қаласының «Әулие-Ата» халықаралық әуежайының қызметін кеңейту мәселесі шеңберінде «А» класты жүк терминалын салу, қосымша халықаралық рейстер құру және логистикалық орталықты жақсарту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру көтерілді.

Францияның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Фабрик Невю қаланың және жалпы өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында 5* қонақ-үй салу саласында инвестициялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын мәлімдеді.

new_photo1669203969 (2).jpeg

Өз кезегінде, Жамбыл облысы бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директоры Арнольд Геринг өңірдің Франция бизнесімен ынтымақтастығына жоғары қызығушылық танытқанын атап өтіп, аймақтың инвестициялық әлеуетін одан әрі зерделеп, таныстыра отырып, облысқа қайта келуге шақырды.

Анықтама:

Saint-Gobain – құрылыс материалдарын өндіруге және сатуға мамандандырылған, сонымен қатар басқа да өнеркәсіптік салаларда қызмет ететін халықаралық компаниялар тобы. Штаб-пәтері Парижде орналасқан.

Концерн гипсокартон плиталарын, құрылыс қоспаларыг, жылу оқшаулағыш материалдарын, жоғары беріктігі бар керамика, бекіту арматурасы мен сәулеттік әйнек сияқты құрылыс материалдарын шығарады.

2016 жылы Saint-Gobain компаниясының айналымы 39,1 млрд еуроны құрады. Концерннің құрамына әлемнің 67 елінен 1000-нан астам компания кіреді. Кәсіпорындарда 170 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге