Медиа орталық

Жамбыл облыстық әкімдігінде инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

Жамбыл облыстық әкімдігінде инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы ұйымдастырған семинар жұмысына Жамбыл облысының басшылығы, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері, облыстық салалық басқармалары, «Тараз» ӘКК АҚ, «Атамекен» ҰКП басшылары және өңірлік бизнесмендер қатысты.

Жамбыл өңірінің шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайту әлеуеті жоғары. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Жамбыл облысына ТШИ $10,6 млн құрады. 2014 жылдан бастап 2022 жылдың І жарты жылдығына дейінгі кезеңде ТШИ жалпы көлемі өңірге $420,7 млн құрады, оның ішінде: $246,6 млн өңдеу өнеркәсібіне (58,6%), $132,3 млн тау-кен өндірісіне (31,4%) және $41,7 млн (9,9%) басқа экономикалық саларына құйылды.

ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев атап өткендей, Үкімет инвесторлар үшін бірқатар преференциялар мен жеңілдіктер ұсынады, олардың ішінде салық жеңілдіктерін, кедендік төлемдерден босатуды, жер учаскелері мен мүліктер түріндегі мемлекеттік заттай гранттарды атап өтуге болады. Жоғарыда аталған барлық жеңілдіктер инвестициялық келісімшарттар немесе инвестициялық келісімдер жасау арқылы беріледі.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ» «бір терезе» тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова кеңеске қатысушыларды инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері туралы, сондай-ақ салық төлеу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге (КТС, мүлік салығы)ауыстыру жолымен салық жүктемесін 3 жылға дейін төмендететін "инвестициялық салық кредиті" құралы туралы хабардар етті.


«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік блогының басшысы Марат Есенов мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бизнес-процестерді үнемі жетілдірудің арқасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша 85 инвестициялық келісімшарт, ал 2022 жылдың 11 айында жалпы сомасы 800 млрд теңгеге 73 инвестициялық келісімшарт жасалғанын, одан басқа инвестициялық преференцияларды ұсынуға 270-тен астам өтінім қаралғанын атап өтті. Салыстыру үшін 2007-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысында жалпы сомасы 241 млрд теңгеге 16 инвестициялық келісімшарт жасалды.

Кеңес барысында Жамбыл фронт-офисі қызметінің оң тәжірибесі атап өтілді. Бұл алаң инвесторларды сүйемелдейді, онлайн қызмет көрсетеді, сондай-ақ инвесторларды жұмсақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді.

Жамбыл облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік директоры Арнольд Герингтің айтуынша, Жамбыл облысындағы маңызды инвестициялық жобаларға «Tirumala Balaji alloys» Үнді компаниясы (Моннет групп) «Тараз» индустриялық аймағының аумағында ферроқорытпа зауытының құрылысын жатқызуға болады. Жобаны іске асыру шамамен $ 100 млн. тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Францияға сапары аясында қуаттылығы 1 ГВт, құны шамамен около $ 1,9 млрд. болатын ЖЭС салу жөніндегі «Total Eren» француз компаниясымен келісімге қол қойылды, бұл өз кезегінде елдегі ЖЭК объектілерінің жиынтық генерациясын 50% - ға ұлғайтады.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге