Үкіметте Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Инвесторларға көмірсутектерді геологиялық барлау саласында тауарларды сатып алу тәртібін бекіту құқығын беру туралы мәселелер талқыланды. Бұл Ережелер қажетті геологиялық барлау жұмыстарын жылдам жүргізуге және кен орындарын өнеркәсіптік игеруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ республика аумағындағы аэрогеофизикалық жұмыстардың жобасы қаралды, бұл бүкіл елді геофизикалық картаға жедел түсіруге мүмкіндік береді.
Оған қоса отырыста геологиялық-геофизикалық зерттеулер саласындағы жекелеген инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.
Өңірлік деңгейде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің инвестициялар тарту жөніндегі жұмысы қаралды. 2023 жылы 45 жоба іске қосылды. Олардың ішінде медициналық орталықтар, кірпіш, асфальт-бетон зауыттары, қонақ үйлер құрылысы, сондай-ақ катушкалар мен жұмсақ контейнерлерге арналған фланецтер өндірісі сияқты ірі жобаларды атап өтуге болады.
Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы