Медиа орталық

INDORAMA CORPORATION Жамбыл облысында зауыт құрылысын жоспарлап отыр

INDORAMA CORPORATION Жамбыл облысында зауыт құрылысын жоспарлап отыр

«Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен инвестициялық штаб өтті, оған Сингапурдан «INDORAMA CORPORATION» трансұлттық компания өкілдері қатысты. Кездесуге сонымен қатар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша аймақтық директоры, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, «Тараз» ӘКК» АҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Жиында қарапайым суперфосфат пен фосфор қышқылын өндіретін зауыт құрылысының ірі инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Өндірілген өнімді Қазақстан аумағында да, көршілес елдерде де сату жоспарлануда. Бүгінгі таңда сингапурлық компания инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде. Тараптар кәсіпорынды орналастыру үшін өндіріс орнын бөлу мәселесін де талқылады.

Еске салайық, INDORAMA CORPORATION (айналымы - $25 млрд) соңғы 7 жылда Өзбекстанда бірқатар жобаларды сәтті жүзеге асырып, көрші елдің экономикасына $600 млн жуық инвестиция құйған. Қазіргі уақытта сингапурлық компания Қазақстанды инвестиция үшін тартымды нарық ретінде қарастыруда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге