Швейцариялық компания Қазақстанның аграрлық өнеркәсібіндегі инвестициялық қызметті кеңейтуді жоспарлап отыр
ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «INOKS Capital» швейцариялық компаниясының Бас директоры Набиль Марк Абдул-Масихпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметті кеңейтуге, оның ішінде аграрлық қор құру және инвестициялар туралы келісім жасасу арқылы мүдделілігін талқылады.
Осылайша, INOKS Capital өкілдері компанияның қарқынды бақтардың екінші кезеңі, құрама жем зауытын кеңейту, сондай-ақ Жамбыл өңіріндегі қант зауытын жаңғыртуға инвестициялау сияқты қолданыстағы инвестициялық жобаларды кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы айтып берді. Компания шикізатты жергілікті және шетелдік нарықтардан сатып алуды жоспарлап отыр. Жоспарланған инвестициялардың көлемін ескере отырып, компания инвестициялар туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыруда.
Өз кезегінде Ғабидолла Оспанқұлов компанияның жоспарларын қолдап, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялық штабтың жұмысы туралы айтты.
«Біздің жұмысымыздың бір бағыты-шетелдік инвесторларды қолдау. Штаб құрылымының арқасында бізде туындайтын барлық сұрақтарға жедел ден қоюдың бірегей мүмкіндігі бар. Штаб қабылдаған шешімдер міндетті болып табылады. Біз сондай – ақ Қазақстанда инвесторлардың жобаларын неғұрлым ыңғайлы сүйемелдеу үшін нормативтік құқықтық базаны жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді төраға.
Ол сондай-ақ швейцариялық инвесторларға инвестициялық келісім мен арнайы инвестициялық келісімшарттардың артықшылықтары туралы айтты.
Кездесу соңында, Набил Марк Абдул-Мәсіх «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ға бүкіл уақыт бойы көрсеткен қолдауы үшін компанияның Қазақстан аумағында жұмыс істейтініне алғысын білдірді. Тараптар жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Швейцариялық inoks Capital компаниясы ТМД және Африка елдерінің дамушы нарықтарының өңдеу секторларында жобаларды іске асыруда. Осылайша, 2020 жылдан бастап компания Қазақстанның аграрлық өнеркәсібінде бірнеше жобаны іске асырды. Олардың ішінде Алматы облысында жеміс бақтарын құру, сондай – ақ «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да құрама жем өндіру зауыты бар. Қазіргі уақытта компания «Qazaqstan Investment Corporation» компаниясымен аграрлық қор құру бойынша келіссөздер жүргізуде.