Роман Скляр Германияның бизнесі өкілдерімен веб-конференция өткізді

Роман Скляр Германияның бизнесі өкілдерімен веб-конференция өткізді

2020 жылғы 21 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 50-ден астам неміс компаниясы басшыларының қатысуымен бейнеконференция өтті.

Іс-шараға екі елдің елшілері, Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры М. Хармс, Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігінің басшысы Х. Восканян және ҚР салалық министрліктері басшыларының орынбасарлары қатысты.

Роман Скляр COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, серіктестік қарым-қатынастарды сақтағаны үшін бизнесмендерге алғысын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді және Қазақстан тарапының инвесторларға толық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркель ханымның деңгейінде 2019 жылы қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың, сондай-ақ 2020 жылдың басында қазақстандық делегацияның Германияға ресми сапарлары барысында қол жеткізілген барлық келісімдердің толық іс жүзіне асатынына сенеміз», — деп атап өтті Роман Скляр бизнесмендермен әңгімелесу барысында.

Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров жалпы құны $3,7 млрд болатын 51 бірлескен инвестициялық жобаның орындалу барысы туралы баяндады.

Өз кезегінде герман бизнесінің өкілдері коронавирус пандемиясына қарамастан, инвестициялауды жалғастырудың және Қазақстанмен экономикалық байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдаудың теңдессіз шараларын негізге ала отырып, күн тәртібінде тұрған бірлескен өзекті жобаларды аяқтауға сенім білдірді. Тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толығымен қолдайды және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыта бермек.

Көзі: primeminister.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге