Медиа орталық

KAZAKH INVEST Жамбыл облысындағы үш ірі жобаға қаржыландыру тартты

KAZAKH INVEST Жамбыл облысындағы үш ірі жобаға қаржыландыру тартты

Жамбыл облысындағы қазақстандық инвесторлардың үш жобасын «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС қаржыландырады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 7-8 млрд теңге құрайды. Инвестициялық жобалар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры Нұржан Әбдімомыновтың Жамбыл облысына сапары барысында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму департаментінің өкілдері KAZAKH INVEST өңірлік директорымен бірлесіп «Alima Deluxe» ЖШС, «Azmina Marble» ЖШС және «АйКо» ЖШС компанияларының жобаларын ұсынды.

Alima Deluxe компаниясы бірінші кезеңде жыл сайын 100 мың данаға дейін газ плиталарын шығаруды жоспарлап отыр. Болашақта өндірісті жылына 400 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, болашақта электр плиталарын, пештерді, кондиционерлерді, тоңазытқыштарды, микротолқынды пештерді және жылытқыштарды шығару жоспарлануда. Нәтижесінде 500-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Azmina Marble жобасы 10 мың м3 мәрмәр блоктарын, 120 мың м2 мәрмәр плиткаларын және 2400 м3 басқа да бұйымдарды өндіруді қарастырады. 50 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

АйКо компаниясының кәсіпкерлері жыл сайын шамамен 40 млн. дана клинкер-брусчатник, жабын черепица, қасбеттік керамикалық плитка шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, пандемия жағдайында компания медициналық оттегі шығаруға ниетті. Жобада 150-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша Самұрық-Қазына Инвест өкілдері 3 инвестициялық жобаны бірлесіп іске асыруға қызығушылық танытты. Жақын арада жобаларды іске асыру және инфрақұрылым жүргізу құнының қосымша есептеулерін жүргізу жоспарлануда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге