Медиа орталық

Жамбыл облысының инвестициялық әлеуеті Француз кәсіпкерлеріне таныстырылды

Жамбыл облысының инвестициялық әлеуеті Француз кәсіпкерлеріне таныстырылды

Жыл басында басталған инвест-марафон аясында Қазақстан өңірлерін Француз серіктестеріне таныстырудың аясында Жамбыл облысының әкімдігі мен Францияның ірі бизнес қауымдастығында ұсынылған «MEDEF» компаниялары арасында онлайн-кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев, Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикаррер, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «MEDEF International» қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Францияның іскерлік ортасының қырықтан астам өкілдері қатысты.

Вебинарды аша отырып, И.-Л. Даррикаррер француз компаниялары үшін мүмкіндіктердің кең спектрін ұсынатын өңірдің тартымды инвестициялық әлеуетін атап өтті.

Осы тезисті растай отырып, Қазақстан Елшісі кездесуге қатысушылардың назарын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында атап өткен бағыттар бойынша ынтымақтастықтың жаңа перспективаларының пайда болуына аударды, атап айтқанда, дипломат Жамбыл облысының француз компанияларымен бірлесіп тау-кен металлургия кешенінің (ТКМ) жобаларын іске асыру үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Осы мақсатта жақын арада аймақ әкімшілігі Францияның өнеркәсіптік кәсіпорындарын қызықтыратын нақты жобалардың тізімін ұсынады.

Қазақстан Елшісі сондай-ақ көптеген жылдар бойы өндіріске қайта инвестиция салып, технологияларды жетілдіріп, жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартып келе жатқан «Vicat» Француз тобының «Жамбыл-цемент» зауытының табысты жұмысы өңірдегі ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылатынын атап өтті.


Өз кезегінде Аспандияр Сейсебаев Француз тарапына облыстың инвестициялық әлеуетін, жаңа индустриялық алаңдарды одан әрі дамыту және қалалық инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жоспарларды таныстырды. Сонымен қатар, ТМК, туризм, құрылыс, аграрлық азық-түлік секторы, өңдеу өнеркәсібі және басқа да басым салаларда инвестициялар үшін тауашалы жобалар ұсынылды.

Өңірдің химия өнеркәсібіндегі жобаларға «CURIUM» компаниясы, сондай-ақ «Groupe Huit» компаниясының Smart City тұжырымдамасын дамыту жөніндегі жобаларға ерекше қызығушылық танытты.

Ең ірі француздық «Saint-Gobain» ТҰК-ның бірі өткен жылы 15 млн. АҚШ.долл гипс құрғақ құрылыс қоспаларын және гипсокартон өндіру бойынша жобаны іске асырды. Кездесу барысында бұл компанияның өкілдері «Vicat» компаниясымен бірге пластикалық бөтелкелер өндірісіне қайта инвестициялау ниеті туралы хабарлады.

Вебинар соңында Аспандияр Сейсебаев барлық айтылған ұсыныстар мен өңірде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша француз компанияларымен тығыз диалогқа дайын екендігін білдірді.

Қазақстан өңірлерінің әлеуетін ашу бойынша Инвест-марафонды ҚР Франциядағы Елшілігі бастамашылық етті және Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің, «MEDEF International» қауымдастығының және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тең төрағаларының қолдауымен өтуде.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге