Медиа орталық

Үндістан компаниясы жобаны Жамбыл облысында іске қосуды жоспарлап отыр

Үндістан компаниясы жобаны Жамбыл облысында іске қосуды жоспарлап отыр

M/S TIRUMALA BALAJI ALLOYS P. LTD (Үндістан) компаниясының басшылығы Тараз қаласына іссапармен келді. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Басқарушы директор Маниш Рунгта бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, кездесуге Жамбыл облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік директоры Арнольд Геринг, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Task Force бөлімшесінің жоба жетекшісі Бауыржан Айтқұлов, Кәсіпкерлік басқармасы мен «Тараз» индустриалды аймағының басшылығы қатысты.

Тараптар ірі инвестициялық жобаны, атап айтқанда ферроқорытпа өндіру зауытын салу мәселелерін талқылады. Жобаның құны 125 млн АҚШ долларын құрайды. Зауытты іске қосу 450 жаңа жұмыс орнын ашады және өңірдің экспорттық әлеуетін жақсартуға көмектеседі деп жоспарлануда. Өндірілген өнімді Қазақстанның ішкі нарығына да, жақын шетелдердің нарықтарына да жеткізу жоспарлануда.

new_8ce53c2e73f9e1dcd869c0d14a8e4c09_1280x720.jpeg

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігі мен M/S TIRUMALA BALAJI ALLOYS P. LTD арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. M/S TIRUMALA BALAJI ALLOYS P. LTD мен Fincraft Resources АҚ арасында, және де "TB Alloys Kazakh Limited" жеке компаниясы мен "Тас Маркет" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Бүгінгі таңда Үндістан компаниясы инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде.

M/S TIRUMALA BALAJI ALLOYS P. LTD. соңғы 5 жылда Үндістан аумағында бірқатар жобаларды жүзеге асырды, ал Қазақстан компания үшін халықаралық жобаларды іске қосудағы алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге