+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Іс-шаралар

Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Швейцария дөңгелек үстелі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

2019 жылғы 22 қарашада сағат 16.00-де Нұр-сұлтан қаласында («Хилтон» қонақ үйі, «Grand Ballroom» залы «ЭКСПО» аумағы) Швейцария президенті – Федералдық кеңесші Уели Мауер мен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-швейцария үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Бахыт Сұлтановтың қатысуымен Қазақстан-Швейцария дөңгелек үстелі өтеді.

Аталған іс-шара барысында Қазақстан мен Швейцарияның ресми және іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Қатысушылардың жоспарланған саны - отандық және швейцариялық бизнес, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері арасынан 200-ге жуық адам болады.

Дөңгелек үстелді ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Масс-медиа өкілдері үшін тіркеудің басталу уақыты - 15.30 сағат.

Іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері аккредитациядан өтіп, қоса берілген нысанды толтырып, оны а.ж. 22 қараша күні сағат 11.00 - ге дейін электрондық мекен-жайға жіберу қажет: a.nurkenov@invest.gov.kz ескерту қажет.

Барлық сұрақтар бойынша "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ жауапты тұлға Нуркенов Әсет Дүйсенбекұлына хабарласуға болады.: 8 (7172) 62-05-07, +7- 701-288-39-36.

 

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге