Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Нидерланды арасындағы тауар айналымы 6 айда 2,5 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Нидерланды арасындағы тауар айналымы 6 айда 2,5 млрд долларға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда Нидерланды инвесторларының қатысуымен 681 заңды тұлға тіркелген. Бұл туралы Қазақстан-Нидерланды бірінші іскерлік кеңесінде «Бенилюкс» сауда палатасының бас директоры Әнуар Құржықаев айтты.


«2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында екі елдің арасындағы тауар айналымы 2,5 млрд долларды, оның ішінде экспорт 2,37 млрд, импорт 168 млн долларды құрады», - деді ол.


Сауда палатасы басшысының мәліметінше, Қазақстан Нидерландыға негізінен шикі мұнай, мұнай өнімдерін, ферроқорытпалар, титан, өңделмеген қорғасын эспорттайды. Ал Нидерланды Қазақстанға тракторлар, құрылыс конструкциялары, дәрі-дәрмектер, гүлдер және басқа да өсімдіктер, электр генераторының қондырғылары сияқты заттарды жеткізеді.

«Қазақстанда Нидерландтың қатысуымен 681 заңды тұлға тіркелген. Кәсіпорындардың көпшілігі мұнай-газ секторымен, геологиялық барлаумен, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жеткізумен, фармацевтика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен, халық тұтынатын тауарларды өндірумен айналысады. Ұзақ жылдар бойы Нидерланды Қазақстанның №1 инвесторы және ЕО тарапынан негізгі сауда серіктесі, сонымен қатар жаңа технологияларды маңызды жеткізушілердің бірі болып келеді», - деді Әнуар Құржықаев.


Бұған дейін Қазақстан нидерландтық инвесторларға Ақтау мен Құрық порттарын жаңғыртуға қатысуды ұсынғанын жазған едік.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге