Инвестициялық қызмет

Инвестициялық басым жоба

Инвестициялық басым жоба деп инвестициялық жоба түсініледі:

  • егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің құрылысына инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құру бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшері мөлшерінде;
  • тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында инвестициялық қызметтің жаңа объектілерін құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде миллион еселенген мөлшерін құрайды;
  • туристің басым туристік аумақтардағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті объектілерді құру кезінде, егер осы тармақшаның төртінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз мың еселенген мөлшерін құрайды ;
  • жаңа қонақүйлер құру, жұмыс істеп тұрған қонақүйлерді кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау) кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде миллион еселенген мөлшерін құруға тиіс. Бұл ретте, егер жаңа қонақүйлер құру, жұмыс істеп тұрған қонақүйлерді кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келсе, осы бөліктің талабы қолданылады:
    • жобаны республикалық маңызы бар қалалар мен Астанадан тыс жерлерде іске асыру;
    • көрсетілетін қызметтердің халықаралық стандарттарға сәйкес "үш", "төрт", "бес" жұлдыздар санаттарына сәйкестігі;
    • он және одан да көп шет елдерде кемінде мың қонақ үйі бар халықаралық қонақ үй желісімен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) немесе франшиза шартын жасасу;
  • заңды тұлғаның республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде жаңартуға (қайта жаңартуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға)инвестициялық преференциялар беруге өтінім берген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшері мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы өндірістерін кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өнімді шығаратын қолданыстағы өндірістік қуаттылықтар.
Инвестициялық басым жоба бойынша мынадай инвестициялық преференциялар беріледі:

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге