Инвесторлармен өзара іс-қимыл

Шетелдік инвесторлар кеңесі

Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес құрылды.

Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің міндеті мына мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге негізделеді:
  • Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;
  • Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жақсарту;
  • Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
  • Шетелдік компаниялардың Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыруға, өңдеу секторын индустрияландыруға, шағын және орта бизнесін дамытуға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикалық үдерістерге интеграциялау;
  • Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясы;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру.

Кеңес Төрағасы - Қазақстан Республикасының Президенті.

Кеңестің тұрақты мүшелері: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрлерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысының Орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне жауапты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы.

Инвестициялық климатты жақсарту кеңесі
 

Инвестициялық климатты жақсартуға байланысты жүйелі проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі төрағалық ететін Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) қызмет етеді. Кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысымен құрылды.

Кеңес туралы ережеге сәйкес, оның негізгі міндеттері отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға және тиімді пайдалануға, сондай-ақ инвесторлардың Қазақстанда жұмыс істеуі барысында пайда болған проблемалық мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге негізделеді.

Кеңестің мәжілістері, қажет болған жағдайда, жылына кемінде екі рет, Кеңестің төрағасы белгілеген уақытта өткізіледі.

Кеңестің отырыстарына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ оның мүшелері болып табылмайтын отандық және шетелдік компаниялар өкілдері шақырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Жұмыс органының міндеті Кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуге, оның ішінде Кеңестің күн тәртібіне ұсыныстар дайындауға, қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлеуге негізделеді.

Инвестициялық Омбудсмен
 

Инвестициялық омбудсмен институты елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында 2014 жылы құрылды. Негізгі міндеті - инвестициялық қызметтің барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, және оларды соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте шешу үшін ұсынымдар беру.

Инвестициялық омбудсмен

  1. Инвестициялық омбудсмен - инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу функциялары жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған (тағайындайтын) лауазымды тұлға;
  2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

  Инвестициялық омбудсменнің функциялары

1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында инвестициялық омбудсмен:

  • Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және олардың шешілуіне, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға ұсыныстар жасайды;
  • инвесторларға пайда болған мәселелерді соттан тыс және сотқа дейін шешуге көмектеседі;
  • Қазақстан Республикасының Үкiметiне инвестициялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және ұсынады.

2. Инвестициялық омбудсменнің ұсыныстары инвестициялық омбудсменмен кеңестер кезінде хаттар мен хаттамалар түрінде ресімделеді;
3. Инвестициялық омбудсмен мемлекеттік органдармен және ұйымдармен және сотта және сотқа дейінгі процедуралардан туындайтын инвесторлардың мәселелерін шешу үшін хаттамалық жиналыстармен консультациялар жүргізеді;
4. Инвесторларға қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілмейтін болса, Инвестициялық Омбудсмен Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен міндеттері

1. Инвестициялық омбудсмен мынаған құқылы:
  • коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, өтініштерді қарауға қажетті меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратуға және алуға;
  • мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға дереу қабылдауға кіруге;
  • мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын инвесторлардың өтініштері бойынша тыңдау;
  • инвестициялық омбудсменге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да құқықтар.
2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде мынаған міндетті:
  • инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде инвесторлардың лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне қатысты шағымдарын қарайды, сондай-ақ оларға қажетті шаралар қолданады;
  • апелляцияларды қарау кезінде объективті және әділ болуға;
  • қорғауға өтінім берген инвестордың құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін ешбір іс-қимылға жол бермейді.

  Инвестициялық омбудсмен қызметін ұйымдастыру

Инвестициялық омбудсменнің қызметін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз етеді. Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге