Біз туралы

Сейсебаев Аспандияр Мұраталыұлы

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы

Аспандияр Мұраталыұлы Сейсебаев 1980 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы «М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мансап

Еңбек жолын 2001 жылы – Астана қаласы Әкімшілік сотында сот приставы қызметінен бастаған.

03.2002 - 04.2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сыртқы байланыстар және инвестициялар басқармасының сыртқы байланыстар бөлімінің жетекші және бас маманы қызметі;

04.2004 - 06.2008 жылдары – «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ – ның Халықаралық талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Маркетинг және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы, басқарма басшысы, департамент директоры;

06.2008 -11.2009 жылдары – Астана қаласынының «Мал шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу және экспорттау»  бойынша «Ақ Ерен» ЖШС директоры;

11.2009 - 09.2014 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;

10.2014 - 02.2015 жылдары – «Алматы» ӘКК ҰК Басқарма төрағасының орынбасары;

02.2015 – 03.2019 жылдары – Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында эксперт, бөлім басшысы, директор орынбасары;

04.2019 – 01.2020 жылдары – «Ақ Ерен» ЖШС директоры; 

02.2020 – 08.2020 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы;

2020 жылдың  26 тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарады.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге